Соғыс және тыл ардагерлері

Тірі және өлілерге бізден тағзым,

Шайқаста сенімін қорғаған үшін.

Сарбаздардың жүрек ыңқылын біз ұмытпаспыз,

Олардың қанымен бүркілген медальдерін.

Ұлы Отан соғысы 1941-1945жж. ХХ ғасырдың ең қайғылы оқиғалардың   бірі болып қалады. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін  күресті.

Қазақстандықтар  барлық халықтармен бірдей дәрежеде, өзінің Отанын қорғады. Қазақстанда Оңдаған дивизиялар, бригадалар  қалыптасты.

Ұлы Отан соғысында 73-мыңнан астам Қостанайлықтар соғысқа аттанды. Осы соғыста 24 мыңнан астам жауынгер қаза тапты, госпитальдарда ауыр жарақаттан 3,5 мың адам көз жұмды, 16 мыңнан астам  адам  жоғалды. Олар мәңгі халық есінде сақталады.

Қазақстанда ондаған әскери зауыттар, онда ерлер мен әйелдер ғана емес, қарттар, балалар жұмыс істеді. Тек Қостанайға 10 кәсіпорындар мен мекемелер жіберілді. Облыс орталығында бірнеше эвакогоспитальдармен мен әскери-авиациялық училищелер қауіпсіз жерлерге көшірілді. Сондай-ақ, өнеркәсіптік кәсіпорындар Херсон қаласынан "Большевичка" тігін фабрикасы, Симферопальдан-аяқ киім фабрикасы, Клиннан «штапельді талшық» зауыты қауіпсіз жерлерге көшірілді. Қостанай соғыс жылдары бірнеше мың босқындарды бауырына басты. Ұлы Отан соғысының  тарихында  қалған батырлардың атымен аталған  көшелер: Сұлтан Баймағамбетов , Леонид Беда, Гвардейская, Иван Павлов көшелері.

baimagambetovҚостанай құрылыс колледжі Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетов есімімен аталған көшеде орналасқан. Сұлтан Баймағамбетов 1920 жылы Қостанай облысы Семиозер қазіргі Әуликөл ауданына қарасты Қоянды ағаш ауылында дүние есігін ашқан. Қызыл Әскер қатарына 1940 жылы қосылады. Соғысты 1941 жылы маусымда Ленинград майданында қарсы алды. Сұлтан өжеттілікпен және аса зор шеберлікпен соғысты. 147 атқыштар (43 атқыштар дивизиясы, 67- әскер,Ленинград майданы) командирі, аға сержант Баймағамбетов 22 шілдедде Синявино елді мекенінің аймағындағы ұрыста қарсыластың алабында ондаған гитлерлікті талқандады.1943 жылдың 25 шілдесінде жау дзотынан атқылаған оқ біздің әскерлерді тығырыққа тіреді.Жүрек жұтқан жауынгер жер бауырлай жақындап келіп, гранат атқылады,бірақ пулеметтің үні өшкен жоқ. Сонда ол пулеметке қарай атылып, оны өз кеудесімен жапты.

Өз ғұмырын қиып, ерлік көрсеткен Сұлтан Баймағамбетовке 1944 жылдың 21 ақпанында  Кеңес  Одағының батыры атағы берілді.Қостанай қаласындағы Красный пахарь көшесінің аты С.Баймағамбетов есімімен өзгертілді.

Ерлікке – мәңгі тағзым, біз мұны әрдайым есімізде сақтай­мыз және уақыт өткен сайын май­дангерлердің жауынгерлік қаһармандық ерлік­терін жиі еске алатын бола­мыз. Майдангерлеріміздің осы жанкешті еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа өшпес үлгі өнеге болып қала бермек.