Бүгін біздің колледжде 1-2 курс студенттердің қатысуымен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Құттықтау сөз колледж директоры Шамшин Арман Жақанұлына берілді. Ол студенттер мен педагоготарды келе жатқан мерекемен құттықтап, соңғы төрт ай үлгерімнің қорытындысын шығарды. Бұл күні тек үздік студенттерін ғана емес, сондай-ақ облыстық Білім басқармасының грамоталарымен келесі оқытушылар марапатталды, олардың ішінде: өнідірстік оқыту шебері – Сыркин А. Ф., Шарафутдинов А. О.- дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, Юсупова А. Ж.-ТҚ меңгерушісі. Сонымен қатар, 2018 – 2019 оқу жылының қараша айында 1 және 2 курс арасында колледждің үздік тобын анықтауға арналған рейтинг қортындысы жасалды. Сабаққа қатысу бойынша 343 Арх-1 тобы көшбасшы болды, сыртқы келбеті бойынша үздік – 5СЭЗС-1 тобы. Топтың белсенді өмірінде алғашқы болып 339СМ – 1, колледждің белсенді өмірінде 329 Арх-2 тобы болды. Нәтиже бойынша 336 МЭОСГ-2 тобы үздік болды. Барлық көрсеткіштердің жиынтығы бойынша бірінші болып 332 СЭЗС-2 тобы атанды. Көрермендер үшін мерекелік концерт ұйымдастырылып, біздің ел мен Президент туралы роликтер көрсетілді.

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын