serpin2050Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Президентіміз: «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп атап көрсетті.

Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

Бағдарлама бойынша грант иегерлері стипендиямен, жолақысы және жатақханамен, киіммен және жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарламаға бұрынғы жылдары мектеп бітіргендер де қатыса алады.

Қажетті ақпаратты алу үшін республиканың әрбір өңірінде «Серпін – 2050» штабтары ашылған. Жастардың кәсіби және аумақтық мобильділігін арттыру мәселелерін оперативті және уақытылы басқару үшін Үйлестіру кеңесі құрылған.

abenov

«Серпін-2050» бағдарламасы республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.