Таным теориясының орталық санаты болып есептелетін, адамдардың практикалық қызметінің қажетті және шешуші аясы еңбек өндірісі. Практика адамдардың шынайы нағыздықты жаңғыртудағы белсенді, мақсатты, бағытталған, материалдық қызметі. Сонымен қоса практика адамдардың нағыздықты өзгертуге бағытталған материалдық әрекеті түрінде көрініс те береді. Таным адамдардың практикалық қызметінде алынған білімдерді одан былайғы уакытта пайдалану үшін жүзеге асырылады. Қоғамның практикалық қажеттілігі туындаған кезде ол ғылымды одан әрі дамытуға бағыт береді.

Қазіргі кезде  1 ҒҚСП – 2 тобының студенттері бағдарлама бойынша өндірістік практикаларын  «Ирина К» құрылыс компаниясында  өткізіп  жатыр. Топ студенттері  өздерінің  қабілеттерімен арнайы пәндер бойынша алған білімдерін жақсы жақтарынан көрсете білді.Өндірістік практикада жетекшілерімен бірге теориялық білімдерін  кеңейте отырып, қызығушылықтары мен құлшыныстарын білдіре отырып,бірлесе жүзеге асыруда. Құрылыс компаниясында берілген тапсырмаларды уақытында орындап отырады. Практика өту кезінде мамандықтарға деген көзқарастары арта түседі және  еңбектің арқасында ғана жетістіктерге жететіндеріне  көз жеткізе алады — деп ойлаймын.Көзді ашып жұмғанша студенттер 2 курсты да аяқтап қалды.Бұл практика олардың бірінші практикасы емес,жалғасы деп те айтуға болады.Студенттердің алға қойған мақсаттары мол,мамандықтарын игере отырып, ойлаған армандарына жетіп, жемістерін  көреді деген ойдамыз.

 Қысқартып айтқанда, практика таным үдерісінің бастапқы баспалдағы және табиғи қорытындысы. Алайда бұл қорытындыны салыстырмалы түрде түсіндіру керек. Өйткені практика танымның алдына әртүрлі мақсаттарды кояды, ойдың одан әрі күшеюіне әсер береді, танымның одан да тереңірек қалыптасуына  мүмкіндік болады.

Куратор: Молдатаева А.С.

Практика – таным негізі