Қостанай құрылыс колледжінде ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында қоғамдық және экономикалық пәндер ПЦК пәндік апталығы өтті.

Пән апталығы шеңберінде ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті, оларды дайындау мен өткізуге ПЦК оқытушылары мен колледж студенттері белсенді қатысты.

Пән апталығының мақсаты-педагогтардың кәсіби шеберлігін және шығармашылық әлеуетін арттыру,студенттердің жеке басының маңызды қасиеттерін дамыту.

Экономикалық пәндер оқытушысы К. Ж. Назаркенова 318 АРХ-3 тобында “Нарықтық экономика негіздері және өндірісті басқару” пәні бойынша “Менеджмент – басқарудың қазіргі заманғы жүйесі” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы оқытудың топтық түрін пайдаланды. Сабақ барысында Қ. Ж. Назаркенова “Джигсо”, “Ассоциациялар”, “Сұрақ-жауап”оқытудың келесідей заманауи әдістері мен тәсілдерін шебер қолдана білді: “Тізбек”, “Синквейн”, “Жобалар”,”Ми шабуылы”,”Менің пікірім” және т. б.

А. Ғ. Айсинаның жетекшілігімен “Мен-Супер Босс!” атты іскерлік ойын форматында сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне арналған “Менің Президентім” атты іс-шара студенттердің танымдық қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар “Менің Президентім” тақырыптық кітап көрмесінде қызықты ақпаратпен танысуға мүмкіндік берілді.

Шара соңында кітапханашы Г. В. Вельгоша Қазақстанның заманауи тарихына арналған “Тәуелсіздік дәуірі” атты интеллектуалды викторина өткізді.

Қоғамдық және экономикалық пәндер ПЦК пәндік апталығы