2018 жылғы 13 желтоқсанда Анастасия Бабич “Қостанай аруы-2018” атағына ие болды.  Анастасия – біздің колледжде “Дизайн” мамандығы бойынша 320 Д -3 тобында оқиды. Бұл ай Настя үшін мазмұнды болды, өйткені дефиле мен әдемі фотосессиядан басқа, ол байқаудың спорттық, шығармашылық және аспаздық кезеңі арқылы сәтті өтті. Сонымен қатар, қатысушылар қайырымдылық акцияларға қатысты. 20 қатысушы арасынан “Қостанай аруы-2018” тәжін жеңіп алып, Анастасия “Қазақстан аруы – 2018” байқауына жолдама алып, туған қаласына жеңіс әкелмекші. Сәттілік тілейміз, Анастасия!

Анастасия Бабич “Қостанай аруы-2018” атағын жеңіп алды!