Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Уразалдинова Дариға Жақанқызы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің “Құрметті құрылысшы” төс белгісімен марапатталды. 34 жылдан астам Уразалдинова Д. Ж. құрылыс саласында адал еңбек келет жатқан оқытушы. Өзінің еңбек жолын Дариға Жақанқызы “Қостанайгорсельпроект”-да инженер-құрылысшы болып бастаған. Д. Ж. Уразалдинованың қатысуымен Қостанай қаласы мен Қостанай облысының тұрғын үй алаптары салынды. Барлық сатылардан өтіп, 2002 жылдан бастап білім беру саласында еңбек етіп, өз білімдерімен, студенттермен және жас мамандармен тәжірибесімен бөліседі.

Педагогикалық ұжым Дариға Жақанқызын осындай құрметті атағымен құттықтайды және алдағы уақытта табыс тілейді!

“Құрметті құрылысшы”