2018 ж. 14 желтоқсанда колледж кітапханасында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Е. Ж. Абукаримовтың, осы басқарманың базалық экономика салаларын цифрландыру бөлімінің басшысы Әлқуатұлы М., әлеуметтік серіктестер: “ProfiSoft” ЖШС директоры Е. В. Жуковский, “Қазақтелеком” АҚ ТҚО бастығы Е. С. Сейчановтың және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы  Махамбетова Г. И. қатысуымен “IT саласындағы мамандарды даярлау:қазіргі заманғы сын-тегеуріндері” атты дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелге колледж әкімшілігі, арнайы оқу орындарының оқытушылары және “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”мамандығының студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының негізгі мақсаты жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл шеңберінде АТ саласында мамандарды дайындау кезінде мәселелер мен бағдарларды талқылау, сондай-ақ облыс кәсіпорындары үшін тәжірибелік бағыттағы жобаларды орындау болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында Е. Ж. Абукаримов жаңадан ашылған Басқарманың қызметі туралы қысқаша мәліметпен таныстырдыі. ЕТҚБ мамандығының студенттері және осы АТ саласының болашақ мамандары алған білімдері мен әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігіне үлкен көңіл бөлінді, себебі қызықты жобалар мен жалпы перспективалардың болмауы біздің өңірден жақсы мамандарды кетуге, шетелдік ЖОО-ға түсуге немесе ірі мегаполистерге кетуге мәжбүр етеді. Жуковский Е. В. 1С өнімдерін қолдау және қызмет көрсету бағытында үлкен сұранысқа байланысты бағдарламашыларды дайындау мәселесін көтерді, ал Е. Сейчанов пен Г. И. Махамбетова өндірістік практикадан өтіп жатқан студенттердің, сонымен қатар жұмыс істеп жатқан және бітірушілердің дайындық деңгейі туралы айтты. Колледж педагогтарынан Е. Ж. Абукаримовке көптеген ұсыныстар келіп түсті, олар: дарынды студенттерге жоғары оқу орындарында оқу үшін гранттар бөлуге жәрдемдесу, перспективалы жастар үшін coworking орталығын құру және ХН. басқа Еркебулан Жұмағалиұлы ұсыныстарға қызығушылық танытып, осы мәселелерді қарастыруға уәде берді.

“IT саласындағы мамандарды даярлау:қазіргі заманғы сын-тегеуріндері” атты дөңгелек үстел