8.01.2019 Қостанай құрылыс колледжінде “Кәсіптік бағдардағы әлеуметтік серіктестік: мектеп пен колледждің тиімді өзара іс-қимылы” тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысында Қостанай қаласының № 7, 16, 19, 23 орта мектептерінің кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, құрылыс колледжінің әкімшілігі және үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шараға колледж бірнеше жылдар бойы табысты қызмет етіп келе жатқан мектеп өкілдері шақырылды. Дөңгелек үстел оқушылардың болашақ кәсіби қызмет саласы мен оқу профилін таңдау және еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндіктеріне, қабілетіне және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркін жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Модератор болып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Инертбаева Г. С. болды. Оқу орнының тарихы, оның имиджі, міндеттері және оқыту шарттары туралы колледж директоры А. Ж. Шамшин, кәсіптік бағдар беру жұмысының түрлері, әдістері туралы – қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л. М. Мусина, кәсіптік сынамалардың мазмұны мен түрлері туралы директордың оқу – өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Д. Ж. Жүніс баяндады.:

1.Білім беру мекемелерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізудің қолданылатын әдістері мен формалары қаншалықты тиімді.

2.Білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылының қандай мәселелері бар және оларды шешудің мүмкін жолдары.

3.Білім беру мекемелерінің тығыз ынтымақтастығына қажеттілік пен дайындық неде?

Талқылау барысында пікір алмасулар мен ұсыныстар айтылды,себебі дөңгелек үстел тақырыбы барлық қатысушылар үшін өзекті болды. Жұмыс аяқталғаннан кейін қонақтарға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

“Кәсіптік бағдардағы әлеуметтік серіктестік: мектеп пен колледждің тиімді өзара іс-қимылы” атты дөңгелек үстел