Құрылысшы маманы  көне кәсіптің бірі болып табылады. Тарихи архитектуралық  құрылыстарға  орай, біз ата-бабаларымыздың мәдениетін танып білеміз.

Бүгінгі күнге дейін мыңжылдықтармен  жеткен  ғимараттар аз емес .Құрылыс шеберлері өздерінің тәжірибе істерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.

Елімізде жыл сайын сан түрлі құрылыстар жүргізіледі. Олар тұрғын үй комплекстері ,котедждер,оқу орындары ,өндірістік кәсіпорындар. Сол себептен құрылысшы маманының талап етілуі айқын.

Қостанай құрылыс колледжі 60 жыл  қатар Қостанай облысының құрылыс экономика саласын білікті кадрлармен  қамтамасыздандырады.
Бүгін құрылыстық колледж – ол қазіргі динамикалық дамуымен ,атақты беделімен техникалық және кәсіптік білімді ұйымдастыруда тек қана Қостанай облысы ғана  емес сонымен қатар  Қазақстан Республикасының солтүстік аймақтарына да белгілі.

Колледжімізде 4 күндізгі оқу бөлімі және сырттай оқу бөлімі ( дистанцонды оқыту формасы) бар:

Сәулет бөлімі

Құрылыс бөлімі

Техникалық бөлім

Дистанциондық оқыту және бухгалтерлік есеп бөлімі

Колледжімізде 35 оқу дәрісханалары, 7 компьютерлік сынып ,8 оқу-өндірістік шеберханалары, кәсіптік дағдыны алуға мүмкіндік береді.|Колледжімізде оқу залымен кітапхана орналасқан, барлық кәсіптік білім салалары бойынша қордағы оқу әдебиетінің саны 79717 данасын құрайды.|Сондай –ақ  акт залы, дене –сауықтыру кешендері оның ішінде спорттық зал, стадион, тир атқышы,тренажер залы бар.

Оқу аудиториялары жаңа көрнекі құралдармен жабдықтармен жарақтандырылған.Оқыту процесінде интерактивтік тақталар, мультемедиалық проекторлар,плазмалық панельдер,ақпараттық киосктер кеңінен қолданылады .Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда өндірістік – тәжірибесіз оқыту мүмкін емес,сол себептен колледжіміз әлеуметтік серіктестігімен ынтымақтастық  жолда жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда   АО «КазТрансГаз Аймак», ТОО «БК Строй», КФ АО «Агромашхолдинг», ТОО «Евростиль» колледжіміздің әлеуметтік серіктестіктері болып табылады .Осындай кәсіпорындарда тәлімгерлікке ие болып,  өндірістік тәжірибені өтей отырып, жаңа құралдармен жұмыс істей білетін, түлектеріміз кәсіби  тәлімгерлікті  алып қана қоймай, қазіргі еңбек нарығында мамандардың талап етілуіне үлкен сеніммен қарайды.

Оқушылардың  босуақыт –мәдениет қызметіне көп көңіл аударылады. Жастардың шығармашылық қабілеттерін іске асыруда «Тайфун »   әскери –патриоттық клубы ,театр үйірмелері, спорттық секциялары жұмыс істейді.

Колледжімізде оқу орнының маңында орналасқан 150 орындық жаңа жатақханасы бар.

Колледждің құқұлы  ұйымдастырушылық мәртебесі: мемлекеттік -меншік нысаны  мемлекеттік жабдықтау  тізімдемесі – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай құрылыс колледжі » КМҚК

Колледж Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдар негізінде әзірленген жарғысы бар, заңды тұлға.

Колледж  мемлекеттік лицензияға  сериясы АБ № 0161332  13.07.2012ж.

Оқу   білім бағдарламаларымен  техникалық –  кәсіптік біліммен жүзеге асырылады.

КМҚК “Қостанай құрылыс колледжі”

Leave a Reply

Your email address will not be published.