Қостанай облысы – Солтүстік Қазақстанда орналасқан Қазақстан Республикасының әкімшілік аумағының бөлігі. 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының негізіде құрылған. Құрамында 5 қала, 3 кент, 16 аудан, 808 ауылдық елді мекен бар. Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1979 жылы құрылған, Тобыл өзені жағасында орналасқан. Жер аумағы 196,0мың км . Облыстың географиялық орны қолайлы. Ол солтүстік батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік батысында Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Облыс аумағы негізінен жазық дала. Солтүстіктен оңтүстікке қарай тым созылып жатуына байлаысты (740м) әр түрлі физ-географиялық белдеулерден тұрады: батыс жағында Орал маңы үстіртін (250-400), солтүстігінде Батыс Сібір ойпатының (150-200м) Оңтүстік бөлігін, оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін (450-500м) қамтиды. Орал маңы үстірті негізінен, шығысқа қарай еңістене келіп, солтүстігінде Золотая Сопна (Алтын Шоқы) тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен шетеседі. Мұның оңтүстік жағында жеелеген шоқылар (мыс Жетіқара тауы, 414м, т.б.) кездеседі. Батыс Сібір ойпатының оңтүстігінде өл қазашұңқырлары бар. Қостанай жазығы мен Обаған-Есіл суайрығы және Есіл жазығы алып жатыр. Облыстың оңтүстігі Торғай үстіртінің солтүстік бөлігін көл қазаншұңқырлары мен Солтүстік Торғай жазығы (Қосмұрын көлінен Тобыл өзеніне дейінгі суайрықты), орта бөлігін Сыпсыңағаш қолатымен және Қабырға, Теке, Сарысу өзендерімен тілімденген Торғай үстіртінің орта бөлігі алып жатыр. Мұндағы суайрықтары Қарғалы (310м), Теке (262м), Қызбел (219м) және Сарыадыр (360м) деп аталатын төрткіл тау жұрнақтары, қиыр солтүстік батысында Қоңыртау орналасқан. Торғай үстіртінің жалғасы саналатын оңтүсті Торғай жазығы Сарықопа көлінің оңтүстік бөлігін қамтиды. Ол Торғай мен Ұлыжылыншық өзендерімен тілімденген. Облыс аумағының бір ерекшелігі – оның қиыр оңтүстік батысынан солтүстіке қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өзеніне дейін жететін ұзындығы 700км Торғай қолаты жатыр. Облыстың ең биік бөлігі шоқылы келген Сарыарқа бөлігі. Мұнда Қарақұс (Шарықты шыңы 397м), Көкшетау (478м), Қайыңды шоқы (569м) т.б. көптеген тау шоқылары кездеседі. Ұлыжылашық  пен Қараторғай өзенінің суайрығын Жалашықтүрме қыраты алып жатыр.

Облыс климаты тым континентті. Қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде 18-190С, оңтүстігінде 16-170С. Кейбір қатаң жылдары -400С-та төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін жатады. Жазы біршама ыстық, шілденің орташа температурасы 19-200С. Кейбір жылдары  35-400С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын орташа мөлшермен солтүстіктен оңтүстікке қарай 300мм-ден 170мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-75% жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз күндер аз. Солтүстікте температураның 500С жоғарылап жылымықтың пайда болуы бүкіл қыс мезгілінің 50 пайызын құрайды.

Қостанай облысы өзендер мен көлдерге бай. Өзендер Тобыл мен Торғай және Ұлыжыланшық өзенінің алабына жатады. Қостанай облысында 7 мыңнан астам көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тобыл өзенінің алабына жататын өзендер – Үй, Тоғызақ, Әйет, Желқуар, Шортанды бастауларынан Орал маңы үстіртінен, ал Обаған өзені Торғай қолатының орталық тұсынан ағады. Торғай алабындағы өзендер, негізінен Торғай және оның салалары бастауларын Торғай үстіртінен (Өлкейек, Қабырға,Теке) және Сарыарқаның батыс беткейінен (Сарыөзен. Мойылды және Үлкен Дәмді, Жалдама, Қарынсалды, Тасты, Ащытасты, Қараторғай, Сарыторғай, Үлкен Сабасалды т.б.) алады. Облыстың қиыр оңтүстігінде Торғай өзен алабынан бастау алатын Ұлыжыланшық өзені Жақсы, Ақкөлге құяды.