Қостанай облысы жастарының алтын кітабы – бұл елімізде теңдесі жоқ облысымыздың бірегей жобасы. Кітапқа тек өз кәсібінде ғана емес, қоғамдық өмірде де өздерін көрсеткен ерекше көзге түскен жастар ғана түседі. Биылғы жылы 195 есімдер тізіміне тағы 11 қосылды, демек, “алтын” жастар саны екі жүзден асып түсті.
“Жас ғалымдар (жаңашылдар) номинациясы бойынша — біздің колледждің студенті, Қостанай қаласында балаларды робототехникамен оқыту мектебін ашқан робототехника бойынша Қазақстан чемпионы Максим Рюмин үздік атанды.
Максим-робототехникадан екі рет Қазақстан чемпионы, мехатроника мен бағдарламалаумен айналысады. Jas Project жобасына қатыса отырып, бозбала өз командасымен балаларды робототехникамен оқыту мектебін ашу грантын жеңіп алды.
-Бізде барлығы өте жақсы жұмыс істейді, жеті жастан онға дейінгі және 11 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың екі тобын жинадық. Оқушылар көп, балаларға оқу ұнайды, осы жобаны дамытып, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауды жоспарлап отырмыз, — деп атап өтті “Жастардың алтын кітабының” лауреаты Максим Рюмин.
Бағдарламалау және робототехникамен айналысуға осы салада жұмыс істейтін ағасы ынталандырды.
— Тек ол нақты ұстап, сезіп көретін затпен айналыспайды, ал мені роботтар, микросхемалар, платалар қызықтырады. Балалық шағымнан барлық заттарды шұқып бөлшектеуді ұнататынмын. Демек, ағамның жолын қуғаным, тек сәл басқа бағытта. Сондай – ақ, маған биология мен медицина қызықты, дәл осы салаларда робототехниканы енгізгім келеді-деді Максим.

Біздің студент есімі “Жастар алтын кітабына” енді