“Құрғақ әдіс құрылысы маманы” мамандығы өнідірістік құрылыстағы білікті әрлеуші-шеберлердің жетіспеушілігінен еңбек нарығында өте жоғары сұранысқа ие. Әрлеу жұмыстары ғимарат құрылысы барысында аяқтаушы кезең болғандықтан, бұл мамандық құрылыста өте қажет болып табылады.

Құрылыс өнідірісінде “құрғақ” құрылыс технологиясын қолдану барысында ауыр, еңбекті көп қажет ететін “дымқыл” процесстері жойылады және еңбек өнімділігі анағұрлым артады. Сәулеттік шешімдердің шексіз мәнін жүзеге асыруда және қисық сызықты жар мен төбе беті мүмкіндігі шешіледі. Сонымен қатар қүрылысқа кететін шығындардың жалпы үнемділігіне қол жеткізіледі. Жаңа құрғақ материалдарды қолдану экологиялық тазалықты, сонымен қатар бөлмеде адамға қолайлы микролкиматты қамтамасыз етеді.

Құрғақ құрылыс маманының жұмысы физикалық төзімділікті, қол қозғалысының үйлесімділігін, жақсы көз көру қабілетін, нақты көз мөлшерін, дамыған кеңістікті елестету қабілетін, жақсы вестибулярлық аппаратты талап етеді.

Құрғақ құрылыс маманы қаңқаларды монтаждау, қаңқаларды әрлеуші табақ жаппалармен қаптау, құрғақ құрастырмалы еден түптерін монтаждау, қаңқасыз қаптауышты құру, сылау қоспаларын механикалық жағу, мәрелік әрлеуге монтаждалған құрылмаларды дайындау, жөндеу жұмыстарын жасайды.

Кәсіби өсу және мансап перспективасы: құрғақ құрылысы маманы, жетекші маман, бригадир. Білімді қосымша жоғарлатқанда – прораб, құрылыс инженері, сәулетші.

Ұқсас мамандықтар: макеттеуші-сәндеуші, майлаушы, сылақшы және басқалар.