Тас қалаушы – тұрғын үйлерді, көпірлерді, өнеркәсіптік және басқа табиғи және жасанды материалдардан жасалаған құрылымдарды салуда және жөндеуде қатысатын жұмыскер.

Тас қалаушы көтеруші қабырғаларды, іргетасты, арканы, күмбездерді, бағаналарды қалайды және терезе, есік қораптарын орнатуда, құрама темір-бетонды құрылымдардың жіктерін құй жұмыстарына қатысады.

Тас қалаушы мамандығы өте жауапты мамандық. Оның тас қалау сапасынан құрылымның мықтылығы тікелей тәуелді. Тас қалаушы жұмысында физика, химия, материалтану, нақты көз мөлшері, нақты кеңістіктік елестету, қауіпсіздік техникасын білу, күш, ептілік, физикалық төзімділік, жақсы үйлесімділік қабілеті, техникалық ойлау, командалық жұмыс жасауды білу қажет.

Тас қалаушы мамандық өкілдері еңбек нарығында сұранысқа ие. Оқу орындардың осындай мамандарды көптеп шығарып жатқанына қарамастан, көптеген құрылыс компанияларына білікті тас қалаушылар әрдайым қажет.

Кәсіби өсу және мансап перспективасы: тас қалаушы-маман, жетекші маман, бригадир. Қосымша білім деңгейін жоғарлатқанда – прораб, құрылыс инженері, сәулетші.

Ұқсас маманыдқтар: сылақшы, монтаждаушы, бетоншы, арматурашы.