3 қарашада «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасын  жүзеге асыру  мақсатында   Қостанай құрылыс колледжінде 310 ҒҚСП -3 тобының студенттері  Қабыл Тұрсынаймен  кездесу ұйымдастрылды. Іс шараның мақсаты жетістіктерді және құзырлылықты  ұмтылдыру, мысалы білімі мен талантына сай қажырлы еңбектерінің арқасында елдің, өңірдің дамуына үлес қосқан тарихи – нақты адамдарды айта кету. Қабыл Тұрсынай  Халықаралық Пауерлифтинг  мектебінің  спорт шебері, Азия чемпионы, Қазақстанның  үш мәрте чемпионы.Кездесуде Тұрсынай  осы өзінің спорт жолы  және болашақтағы жоспарлары туралы сөз етті. Ең үздік жеңісін 2016 жылы  Якутск қаласында «Азия балалары» халықаралық VI жарыста жеңіске жеткен болатын. Сонымен қатар Тұрсынай  Қазақстан Республикасының классикалық пауэрлифтингтің отырып тұру жаттығуының  рекордын орындаған. Тұрсынай өмірде  белсенді, сүйікті ісімен айналысады.  Олимпиада чемпионы болуды армандайды. Балаларға, қойылған мақсатқа қол жеткізуді, салауатты өмір салтын ұстануды тіледі. Қабыл Тұрсынайдың өткен тарихы, өз білімін жетілдіру,  шын мәнінде  кейінгі жастарға үлгі болып табылады. Біз Тұрсынайға  жаңа жеңістер тілейміз.

«Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы»