Косаткина Яна Александровна

Жатақхана (Баймағамбетов көш., 1, кіреберіс ғимараттың артқы жағынан)
Жұмыс кестесі: дүйсенбі — жұма,  08:00-ден 16:00-ге дейін;
Сенбі: 08:00-ден до 13:00-ге дейін

 

 

Әлеуметтік педагогтың басты міндеті балалар құқығын қорғау, олардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Әлеуметтік педагог жеке бас тұлғамен жұмыс жасайды. Оның рөлі жасөспірім балаларға сөзбен, ақылмен , іс-әрекетпен көмектесіп, олардың өздеріне деген сенімділігін арттырып, құндылықтарын қайта қарастыруға және көз ашуына жәрдемдесу.

БАЛҒЫН ЖАНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ САҚТАП ҚАЛУ – ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ НЕГІЗГІ МИССИЯСЫ

Әлеуметтік педагогтың жұмысы өте қажет, жауапты және әр жақты. Себебі әрдайым стресс қалпында жұмыс жасауға тура келеді.

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру;
  • Әлеуметтік қорғаныспен көмекке зәру студенттер жанұясының және әумесерлік мінез-құлықты студенттердің  әлеуметтік паспортын құрастыру;
  • “Қиын” студенттермен жеке жұмыс жасау жоспарын құруда жәрдемдесу;
  • “Қиын” студенттер мен олардың ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізу;
  • Профилактикалық кеңесі жұмысына, “қиын” студенттермен тәрбие жұмыс жоспарын тексеруіне, әкімшілік жиналыстарға, педагогикалық кеңестерге және т.б. қатысу; 
  • Органдармен өзара қарым-қатынас;
  • Студеттердің жеке бас қабілеттерін дамыту.

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІ

  • аналитикалық
  • прогностикалық
  • коррекциялық
  • профилактикалық
  • қорғау
  • психотерапевтік
  • делдалдық

Әлеуметтік педагог тұрғындардың әр түрлі санатымен жұмыс жасайды:

  • аз қамтылған, көп балалы жанұялармен.
  • қиын өмірлік жағдайға ұшыраған жанұялармен.
  • ИДН, ВКУ, “қауіп тобында” тізімінде тұрған студенттермен.
  • жетім студенттермен.
  • инвалид-студенттермен, мүмкіндігі шектелген студенттермен.

Сонымен қатар құқық бұзушылық пен қылмысты алдын алу және профилактика бойынша белсенді жұмыс жасалады.

Әлеуметтік педагогқа мынандай жағдайда жүгінуге болады:

  • жанұяда немесе құрдастармен қарым-қатынас жасауда қиындық туындағанда;
  •  сізге әлеуметтік жеңілдік тиісті болса (тегін тамақтану және т.б.);
  •  егерде сіздің балаңызды қорқытса, тіл тигізсе;
  •  қамқорлықты рәсімдеуде;
  •  егерде сіздің балаңыз құқық бұзушылық жасаған кезде, оған әлеуметтік педагогтың бақылауы және қорғанысы қажет.

«Қостанай облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы», СПИД орталығы, МКҚК “Қостанай облыстық наркологиялық диспансер” сияқты мекемелермен бірігіп әр түрлі лекциялар, семинарлар мен тренингтер өткізіледі.