29 қараша күні колледже ҚР-ң Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. Концерт ұлттық би мен студеттердің дайындаған Отан жайлы өлеңдерімен басталды. Колледж директоры Шамшин Арман Жақанұлы колледж ұжымы мен студенттер қауымына құттықтау сөздерін жолдады. Сонымен қатар шара барысында білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін оқытушылар мен студенттер марапатталды. Әсем патриоттық әндер, домбыра үні, өлең оқу мереке сәнін кіргізді. Концерт Елбасы Н. Ә. Назарбаев жайлы көрсетілген шағын деректі фильммен аяқталды.

ҚР-ң Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт