6 қазанда « Құрылыстағы құрғақ әдіс маманы» мамандығы бойынша топ студенттері  «БК-Маркет» құрылыс материалдары дүкеніне саяхат жасады. Оның мақсаты – ғимараттар мен құрылымдарға  құрғақ әдісі бойынша әрлеу жұмыстарын өткізу кезінде қолданылатын   материалдар және технологиялармен танысу болатын.

Бас менеджер таныстыру саяхатын жүргізді. «KNAUF» фирмасының өнім түрлерімен таныстырды және  құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру технологиясы және қолдану аясы туралы айтып өтті. Еркін әңгіме  барысында студенттер өздерін қызықтырған  сұрақтар қойып және оған жауап алды. Саяхат өте қызықты өтті, өйткені студенттер ақпарат алып қана қоймай,  әрбір материалды  өз қолдарымен ұстап «KNAUF» фирмасы өнімдерінің артықшылығына көз жеткізді. Сондай-ақ ,  дүкен қызметкерлерінің  қонақтарға деген қарым –қатынасы оларды қуантты. Саяхат олардың бойында жақсы әсер қалдырды.

333 ҚӘ-1тобының саяхатқа шығуы