Шетелде тағылымдамадан өту жұмысқа пайдалы болып қана қоймай, өзге елдің тілін үйренуге мүмкіндік береді. Шетел тілінде жазу және сөйлеуді сауатты меңгерген адам кез-келген ұйымға қажет екені белгілі. Осыған орай біздің колледждің жас ұстаздары, арнайы пәндер оқытушысы Величко В.В. мен Щербина С.В. Малайзия және Чехияда тағылымдамадан өтуде. Білген, түйген білімдерінің деңгейі өсуімен қатар, олар елдің аквапарк, ұлттық музей, ескі бекіністер т.с.с. тамаша және әсем жерлерімен танысуда.

Біз оларды жаңа ақпарат, жаңа тәжірибе мен жаңа білім байлығымен оралуымен асыға күтудеміз.

Халықаралық тағылымдама – жас ұстаздардың оқытушылық қызметінің ынталандырмасы