Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы кәсіптік-техникалық білім алушылар арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ету мақсатында, халықаралық ынтымақтастық келісім шеңберінде “Орал мемелекеттік қатынас жолдары университеті” федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім берудің білім беру мекемесінің филиалы – Челябі қатынас жолдары институты мен құрылыс колледжімен бірігіп “Орта кәсіптік білім беру мекемелеріндегі кәсіптік тәжірибе өтуде замануи ғылыми-техникалық жетістіктер” атты Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Осы конферецияда біздің студенттер екі жыл қатарымен өзінің практка өтудегі тәжірибесімен бөлісуде. Оқу және кәсіптік практика қортындылары бойынша өздерінің жобаларын халықаралық деңгейде Максим Рюмин «Машиналық көз көруді зерттеу ақпараттық қауіпсіздіктегі жаңа технология ретінде» (жетекші Сейчанова Д.Г.), Артем Астапенко  «DDOS шабуылынан бұлттық қорғау» (жетекші Сейчанова Д.Г.); Айгерим Казанбасова «Жеңіс мемориалдық саябағының жобасы» (жетекші Говорков Д.В.), Камилла Ахперова  «Көркем сурет және витраждық өнер» (жетекші Нарумова М.В.) ұсынды.

Конференция қортындысы бойынша колледж студенттері баға жетпес тәжірибе алып, өздерінің кәсіби қызметі аясында білімдерін кеңейтті. Бұл әрине оларға алда сәтті курстық және дипломдық жоба жасауға көмегін тигізеді.

Халықаралық деңгейде