2017 жылғы 28 қарашада ҚР  Президент күні мерекесі қарсаңында  Қостанай құрылыс колледжінде «Бір ел –бір мүдде» атты  ашық сыныптан тыс  іс-шара өткізілді.Іс шараның мақсаты – ҚР Президентінің мәртебесі және институты туралы студенттердің білімін кеңейту және тәуелсіз демократиялық мемлекеттің дамуы мен құрылуы елбасының рөлін ашу.

Іс шараны ұйымдастыруға белсенді қатысқан студенттер : 332 ҒҚСП – 1: Дидрих С., Пак А., Таглинова А., Казбаков Р.,  Минаев В., Есенов Н., тобының студенттері. 336 ГЖПЖЖ -1: Руфф Э., Акан С., 330 Сәулет-1 тобының студенті – Хусаинова С.,  сонымен қатар қоғамдық пәндер оқытушысы Ничубай Е.В., кітапханашылар Вельгоша Г.В., Багрова Н.Е.

Іс –шараға қатысушылар қонақтарды ҚР Президентінің Ата заңымен, Н.Ә.Назарбаевтың  өмір жолының кезеңдерімен таныстырды.

Іс –шараның соңында кітапханашы Вельгоша Г.В.  ҚР Президент күніне арналған « Жетістікке жол » кітаптар жәрмеңкесін өткізді.

Өзіміздің ел тәуелсіздігінің тарихы және Елбасының ел егемендігіндегі рөлі жөніндегі ойымызды қорыта айтқанда, аз ғана уақытта Тұңғыш Прези­дентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілі­гімен елімізде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылғандығын  атап көрсету қажет.

« Бір ел – бір мүдде»