Киньзябулатова Наргуль Еркебулановна

Жатақхана (Баймағамбетов көш., 1, кіреберіс ғимараттың артқы жағынан)
Жұмыс кестесі: дүйсенбі — жұма,  08:00-ден 16:00-ге дейін;
Сенбі: 08:00-ден до 13:00-ге дейін

 

 

 

Сәлеметсіздерме, практикалық психолог  Киньзябулатова Наргуль Еркебулановна парақшасына қош келдіңіздер!

Құрметті сайт қолданушылары мен қонақтар!

Біздің коллджде әлеуметтік-психологиялық қызметі жұмыс жасайды. 

Әлеуметтік-психологиялық қызметі өз жұмысын студенттердің психикалық және жеке бас дамуы үшін ең қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайды қамтамасыз ету, колледж ұжымында қолайлы психологиялық климатты қолғабыс ету, оқу процесінің барлық субъектілеріне кешенді психологиялық көмек көрсету мақсатында өз жұмысын атқарады. 

Педагог-психологтың жұмыс мақсаттары: 

  • оқу процесінде студенттерге психологиялық-педагогикалық жәрдемдесу, студенттердің психологиялық қорғанысын арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие, әлеуметтік бейімделген түлекті қалыптастыру;
  •  әрбір субъекттің жеке бас әлеуетін барынша ашуға бағытталған, колледждегі оқу процессінің сапасын арттыруға жағдай жасалған әлеуметтік-психологиялық жағдайды қамтамасыз ету;

Жұмыс формасы:

  •  студенттермен топтық жұмыс жасау;
  •  студенттермен жеке жұмыс жасау;
  •  топтар жетекшісімен жұмыс жасау;
  •  ата-анамен жұмыс жасау (ата-аналар жиналысын қосқанда)

Жұмыс тәсілдері: 

  • сауалнама
  • психологиялық-педагогикалық бақылау;
  • тестілеу;
  • әлеуметтік-психологиялық тренинг;
  • психологиялық ойындар мен жаттығулар;
  • сұхбат.

Педагог-психологқа келесі сұрақтармен жолығуға болады:

  1. Оқудағы қиындықтар.
  2. Топтағы өзара қарым-қатынас.
  3. Ата-анамен өзара қарым-қатынас.
  4. Өмір жолын таңдау.
  5. Өзін-өзі басқару және даму.

Психолог – әр түрлі қасиеттерді, машықтарды дамыту технологиясын меңгерген және сол технологиямен сіздермен сүйсініп бөлісетін адам.

Біздің сайтта жақсы және пайдалы виртуалдық саяхат тілейміз. Болашақта сізбен біздің кездесуіміз пайдалы және нәтижелі ынтымақтастыққа әкелсе қуанышты боламын.

                                                                                Құрметпен, педагог-психолог  Киньзябулатова Н.Е.