ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  және ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ

ҚОСТАНАЙОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ 

                     « ҚОСТАНАЙ ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ » КМҚК

«ҚОСТАНАЙ ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. 1.КМКҚ «Қостанай құрылыс колледжі » ҚР «Білім туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) 2007 жылдың 27 шілдесіндегіЗаңына сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын ( бұдан әрі-Колледж)КМКҚ«Қостанай құрылыс колледжі» оқуға қабылдаудың осы типтік ережесі (бұдан әрі –Ереже ) колледжге қабылдау тәртібін белгілейді.
  1. Оқуға қабылдау ережелері ,техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелері(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 130 қаулысымен бекітілген) негізінде дайындалды.
  2. КМКҚ « Қостанай құрылыс коллдежіне » негізгі жалпы, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы кәсіптік және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
  3. Қостанай құрылыс колледжіне оқуға түсуге келесі мамандықтарғақабылдау жүргізіледі:
  • 1401000 Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану
  • 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру түрлері бойынша
  • 1405000 Газ жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау және пайдалану
  • 1418000 Сәулет
  • 0518000 Есеп және аудит салалар бойынша
  • 0402000 Дизайн (салалар бойынша)

 Колледжге оқуға түсу кезінде Заңның 26 бабының 8 тармағында белгіленген тұлғаларды қабылдау квотасы қарастырылған.

        – І, ІІ  топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек- балалар үшін – 0,5 пайыз;

–  Соғыс мүгедегіне және соғысқа қатысушы жеңілдіктеріне теңестірілген адамдар – 0,5 пайыз;

– ауылдың әлеуметтік-экономикасын дамытуды анықтайтын, мамандықтар бойынша ауыл (селолық) жастарының қатарындағы, азаматтар – 30 пайыз;

-ҚазақстанРеспубликасыныңазаматыболмайтын, қазақазаматтары – 2 пайыз,

– Жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін- 1пайыз

2.Құжаттарды қабылдауды және оқуға түсу емтихандарын  өткізуді ұйымдастыру

  1. Колледжде  оқуға түсетіндердің өтініштерін қабылдау, қабылдау емтихандарын өткізу және оқуға түскендер құрамына тіркеу үшін директордың бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады, комиссия 1 маусымнан кешікпей жұмысын бастайды.

Қабылдау комиссиясының құрамына төраға, жауапты хатшы, қабылдау комиссиясының мүшелері кіреді.

  1. Қабылдау комиссиясының жұмыс ұйымы тұлғаларды оқуға қабылдауда аймақтарға жолсапар сұрақтары уәкіл органымен шешіледі.
  2. Күндізгі оқу нысаны бойынша түскендерге қабылдау нәтижелері туралы ақпарат 30 тамызды  қоса, сыртқы оқу нысаны бойынша  түскендерге қабылдау комиссиясының ақпараттық стендтерде немесе интернет ресурстарға орналастыруы арқылы 30 қыркүйекті қоса жеткізіледі.
  3. Тұлғалардың Колледжге оқуға түсу туралы өтініштерін қабылдау:

       1) техникалық және кәсіптік білім берудің орта буын мамандарды дайындап шығаруды қарастырған оқу бағдарламалары бойынша  күндізгі оқу нысанына 20 маусымнан 20 тамызды қоса, сыртқы оқу нысанына 20 маусымнан 20 қыркүйекті қоса алған уақытта жүзеге асырылады.

  1. Колледжге оқуға түсетіндер  қабылдау туралы өтінішке қоса білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, қосымша флюросуреті бар №086-У нұсқа бойынша медициналық анықтаманы (І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедек болғандар үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын ),3х4 көлемдегі 4 фотосуретті тапсырады.

Оқуға түсетін тұлғаны куәландыратын құжаттарды тұлғаның өзі, ата-анасы немесе заңды өкілдері ұсынады.

  1. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын құжатты,тұрағы бойынша тіркелу белгісін ұсынады:
  • шетелдік- Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат қағазы;
  • азаматтығы жоқ адамдар- азаматтығы жоқ куәлігін;
  • босқын- босқын куәлігін;
  • баспана іздеуші тұлға- баспана іздеуші тұлғаның куәлігін;
  • оралман-оралман куәлігін.
  1. Оқуға түсетіндердің өтініштері Колледждің оқу түрлері бойынша тіркеу журналдарында тіркеледі.

Кешендік тестілеу сертификатын  ( ағымдағы жылда жоғары оқу орындарында кешендік тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері)

немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификат ұсынған тұлғалар  осы Ереженің 15 тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес қабылдау емтихандарынан босатылып, конкурсқа жіберіледі.

  1. Техникалық және кәсіптік білім берудің орта буын мамандарды дайындап шығаруды қарастырған оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетіндер үшін  қабылдау емтихандары:
  • жалпы орта мектептің оқу бағдарламалары көлемінде  орта жалпы білімі барлар үшін үш пәннен  (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша пәннен).
  • негізгі білімі барларға  – 2 пәннен  (қазақ немесе орыс тілі және орта негізгі білімінен профильдік пәннен) жүргізіледі.
  • техникалық және кәсіптік, орта, жоғары білімі бар, мамандық бағытына сәйкес келмейтін білімі бар адамдарға, мамандықтың бағыты бойынша берілген пәннен емтихан өткізіледі.
  • техникалық-кәсіптік, ортадан кейінгі, мамандық бағдарына сәйкес жоғары білімі бар тұлғалар үшін – сұхбаттасу түрінде өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білімі мамандығының коды Мамандық атауы Пән атауы
Негізгі орта білім негізгі жалпы Орта білім жалпы
0400000 – Өнер және мәдениет
0402000 Дизайн (салалар бойынша 2 шығармашылық эмтиханы 2 шығармашылық емтиханы
0500000 – Сервис, экономика жәнебасқару
0518000 Есеп және  аудит (салалар бойынша ) Математика Математика
1300000 – Байланыс, ақпаратты технологиялармен қатынас
Электронды техника
1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру
(түрлері бойынша )
Математика Математика
1400000 – Құрылыс және ауылшаруашылық қатынасы
1401000 Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану Математика Математика
1405000 Газ жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау  және пайдалану Математика Математика
1418000 Сәулет 2 шығармашылық емтиханы 2 шығармашылық емтиханы
  1. Техникалық-кәсіптік, ортадан кейінгі, мамандық бағдарына сәйкес жоғары білімі бар тұлғалар үшін – сұхбаттасу түрінде өткізіледі.

Колледжде қабылдау емтихандары тапсырылған өтініштерге сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

0402000 -Дизайн, 1418000- Сәулет мамандықтары бойынша оқуға түсуші тұлғалар қазақ тілі, орыс тілі жіне математикадан тыс екі шығармашылық емтиханы Қостанай құрылыс колледжінде бекітілген бағдарламамен өткізіледі.

Шығармашылық емтиханнан « қанағаттандырылмаған» немесе себепсіз жағдайда келмеген азаматтар басқа емтихандарға жіберілмейді

Қабылдау емтихандарын өткізу кезінде:

  • тестілеу түрінде әр пән бойынша тестілік тапсырмалар ( сұрақтар)   саны-25; әртапсырманың дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут , ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауап кодтары тестілеу аяқталған соң бірден ілінеді; тестілеу нәтижелері жүргізілген күні жарияланады;
  • қабылдау емтихандарының нәтижелерінде алынған емтихан түрлерінің пәндер бойынша «3», «4», «5» бағаларын қабылдаукомиссиясы келесі шкала бойынша баллдарға : «3» – 8 баллға, «4» – 17 баллға, «5» -25 баллға ауыстырады.
  1. Тестілік тапсырмаларды (сұрақтар) және пәндер бойынша емтихандарды бағалау кезінде  бірыңғай талаптар мен даулы мәселелердің шешілуін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, Колледжде оқуға түсетіндер құқығын қорғау үшін шағымды комиссия құрылады.

       Шағымды комиссия құрамына төраға, хатшы, шағымды комиссия мүшелері кіреді.

      Тестілеу немесе пәндер бойынша емтихан нәтижелерімен келіспеген тұлғалар шағыну өтініштерін бере алады.

      Шағыну өтініштері шағымды комиссияға тестілеу немесе қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін беріледі және шағымды комиссиямен өтінушінің қатысуымен  бір күн ішінде қаралады.

       Шағымды комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы хаттамамен рәсімделіп, төраға мен барлық комиссия мүшелерінің қолы қойылады.

  1. Тесті немесе пәндер бойынша қабылдау емтихандарын қайта тапсыру рұқсат етілмейді.

3.Оқушылар қатарына қабылдау

  1. «Қостанай құрылыс колледжінде» оқуға тұлғаларды қабылдау  конкурстық негізде тұлғалардың берген өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

         Конкурс ҰБТ баллдарының сертификаты ,Қазақстан Республикасының ЖОО-на түсу үшін кешенді тестілеу түрінде  өткізілген  қабылдау емтихандары нәтижелері бойынша баллдар сертификаты,  Колледжде  тестілеу түрінде  өткізілген  қабылдау емтихандары нәтижелері бойынша баллдар  (бағалар) негізінде жүргізіледі.

       Оқуға қабылдау конкурсын өткізу кезінде,осы ереженің 14 тармағына сәйкес, ҰБТ сертификатында немесе кешенді тестілеуде көрсетілген үш пәннің баллдар қосындысы есепке алынады.

Оқуға қабылдау конкурсына қатысуға келесі тұлғалар жіберілмейді:

1)негізгі жалпы білімі бар тұлғалар екі пән бойынша 20 баллдан кем  алса,білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 баллдан  кем алса;

2)жалпы орта білімі бар тұлғалар үш пәннен 30 баллдан кем алса.

     Конкурс шарттары ерекше қабілетті және техникалық-кәсіптік білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруге дайын азаматтардың білім алу құқығын сақтауға және қабылдануын қамтамасыз етуге кепілдік беруге міндетті.

        Техникалық және кәсіптік білім берудің орта буын мамандарды дайындап шығаруды қарастырған оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғаларды   қабылдау:

1)күндізгі оқу нысанына -25 тамыздан 30 тамызды қоса алғанда;

2)сыртқы оқу нысанына-  15 қыркүйектен 30 қыркүйекті қоса алған

уақытта жүргізіледі.

  1. Білім ұйымдарын қабылдау,қабылдау комиссиясының ашық отырысында кәсіптер, мамандар бойынша өткізіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published.