Педагогикалық кеңес – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндеттілік стандарттарына сәйкес оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында, үнемі  қолданыстағы өзін –өзі басқару және оны сайлау тәртібі болып табылады.

Педагогикалық кеңес Қостанай құрылыс колледжінің оқу тәрбие жұмысын үйлестіру үшін құрылады.

Педагогикалық кеңестің қызметі  қорытындыланады жұмыстарды жүзеге асыру бойынша білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыс қорытындыланады.;- педагогикалық қызметкерлердің сапасын жақсартуға және еңбек нарығында мамандарды  дайындау, олардың бәсекелестік қабілетін жақсартуға бағыттай отырып, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби деңгейін жетілдіру.

Қостанай  құрылыс колледжі педагогикалық кеңестің мақсаты:

  • Педагогикалық қызметкерлердің сапасын жақсартуға және еңбек нарығында мамандарды  даярлау, олардың бәсекелестік қабілетін жақсартуға бағыттауда педагогикалық қызметкерлердің  шығармашылық өсуі және  кәсіптік шеберлігін арттыру,оқу –тәрбие үдерісін үнемі жетілдіру;
  • Педагог қызметкерлердің ғылыми  жетістіктері мен педагогикалық озық тәжірибесін практикалық қызметке енгізу.

Педагогикалық кеңестің міндеттері болып табылады:

  • Оқу-тәрбие процесі жағдайының, оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейінің,  студенттерді дамыту және тәрбиелеудің диагностикасы;
  • Қостанай құрылыс колледжі дамыту бағдарламасының кешенді- максаткерлік әзірлемесі;
  • Оқу – тәрбие жұмысының сапасы үшін бүкіл ұжымды біріктіру;
  • Экономиканың даму перспективаларын, еңбек нарығының сұранысын ескере отырып,болашақ мамандарды  сапалы дайындауда тұрақты жетілдіру үшін жағдайлар жасау;
  • Оқушыларды  тәрбиелеу және тұлғалық –бағдарланған білімді қамтамасыз ету;
  • Қостанай құрылыс колледжінде оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастыруда құзіретті тәсілді қалыптастыру;
  • Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін және мониторинг  нәтижесінің әдістері мен нысандарын жетілдіру;
  • Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарында шығармашылық тәсілді қамтамасыз ету.