college_entranse

1954 жылы тың игерушіліктің бастапқы кезеңінен Қазақстанда ауыл шаруашылық мамандарын дайындауда, құрылыс және басқа өндіріс оқу орындары пайда бола бастады. 1956 жылы Қостанай құрылыс техникумы құрылды. 1960 жылы ең алғаш индустриялық және азаматтық құрылыс бойынша техник түлектері жіберілді.

Бұдан әрі, біздің оқу орнымыз бірнеше қайта құру кезеңінен өтеді. Қостанай облыстық әкімшілік басшылығымен ҚР- ның 1992 жылдың № 195-Р 21 мамырынан оқу орнының жаңа үлгісі ПТУ- техникумы және СПТУ-4 құрылыстық техникумның бас базасы құралады.

Облыстық басқарманың халықтық білім бұйрығымен № 612 1992 ж. 25 тамызда ПТУ- техникумы №1 құрылыс техникумге өзгертілді. Облыстық басқарманың халықтық білім бұйрығымен №312 1994ж 7 қарашада №1 құрылыс техникумы, құрылыстық лицей техникумына өзгертілді. Қазақстан Республикасының  білім министрлігінің бұйрығымен №312 1995 11 желтоқсанда құрылыстық лицей техникумы  Қостанай құрылыс колледжіне өзгертілді.

Міне жарты ғасырдан астам уақыттан бері Қостанай құрылыс колледжі  құрылыс салалары үшін білікті мамандарды дайындауда. Осы жылдар ішінде құрылыс колледжі 40 мыңнан артық орта буын және білікті жұмысшы мамандарын әзірледі. Бүгінде колледж оқу-өндірістік, әлеуметтік-педагогикалық жаңғырту кешендерін ұсынады. Күндізгі және сырттай оқу бөлімінде 8 мамандық бойынша және 9 кәсіпке дайындықтар жүргізіледі. Колледжде жаңа білім технологиялары: ақпараттық–коммуникациялық және мультимедиа желілік курстар пайдаланылады. Педагогикалық ұжымға, студенттерге ғаламторға кіруге мүмкіндік бар, сонымен қатар колледжде кітапхана, жатақхана, зертханалар, шеберханалар, спорттық сауықтыру кешені қызмет көрсетеді.

Сенімділікпен келешекке қарау, ол – ұжымның  дәстүрлі – шығармашылық және  жоғары кәсіби дамуы болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.