4-5 қарашада Қостанай ауданы  Озёрный ауылында гір спорты бойынша ашық турнир келесі бағдарламалар бойынша өткізілді: классикалық қоссайыс (ерлер, жасөспірімдер), жаттығу серпілісі (қыз, әйел). Жарысқа  Ресей федерациясы, Түмен және Қазақстаннан 100-ден артық спортшылары қатысты.Бұл жарыста Қостанай құрылыс колледжінің студенттері ерекше көзге түсті : 336 ГЖПЖЖ-1 тобының студенті Свинтицкая Алина 16 кг гірді 55 рет көтеріп  3 орынды жеңіп алды, сондай-ақ  дене тәрбиесінің оқытушысы Шарафутдинов Артём Олегович 24 кг гірді 244 рет көтеріп, 1 орынды иеленіп жеңіске жетті.

Гір спорты бойынша ашық турнир