Төтенше жағдай мен уақиғаларда, өртте адам өлімі мен жарақаттанушылығын алдын-алу мақсатында Қостанай құрылыс колледжінде 9 қарашада Азаматтарды қорғау көрсетпе күні өтті. Бұл шараның басты мақсаты – төтенше жағдайда туындағанда іс-қимылды пысықтау.  Қоңырау уақытында азаматтық қорғау мен төтенше жағдайлар жайлы видеофильмдер көрсетілді.  Шара жұмысына “Солтүстік аймақтық аэромобильді оперативті құтқарушы жасағы” ММ құтқару бөлімшесінің жетекші-құтқарушысы, Қостанай құрылыс колледжінің түлегі Мухамедьяров Т.М. қатысты. Талғат Мұратұлы төтенше жағдай мен оқиғаларда адам өлімін болдырмауда авариялық-құтқару жұмыстарының қатысушысы болып табылады.

Колледждің спортзалында 2 курс студенттері 321 СЭЗС-2 мен 3 СЭЗС-2 тобының студенттеріне арнап әскери эстафета ұйымдастырылды. Эстафета бағдарламасына газқағар кию, автоматты жинау және бөлшектеу, кедергілер алабы және пневматикалық винтовкадан нысанаға тигізу енді. Эстафета нәтижелереі келесідей болды:

1 орын – 3 СЭЗС-2 тобы командасы

2 орын – 321 СЭЗС-2 тобы командасы

Құттықтаймыз!

Поздравляем студентов и желаем новых побед!

Ескертілген адам – құтқарылған адам