Жатақхана меңгерушісі : Е.П. ПАВЛЕНКО
Комендант: Ж.Ж. МАУКЕБАЕВА
Тәрбиешілер: Т.Е. АВРАМОВА, А.Р. АХМЕТОВА

Тел.: 8 7142 21-00-89

Колледжде 150 орынға арналған жайлы жатақхана бар. Жатақханада студенттер өміріне қажетті жағдай жасалған:

  • бес қабатты заманауи ғимарат, бөлмелері секциямен орналасқан, бөлмеде 2-3 адамнан тұрақтанады;
  • әр асүйде екі электр плитасы, тоңазытқыш пен қысқа толқынды пеш;
  • душ бөлмесі, кір жуатын бөлме, кір кептіру;
  • сабаққа дайындалу үшін арналған бөлмелер;

Тұрмыстық  жағдайы

Бөлмелер үлгілік нормаларға сәйкес жиһазбен жасақталған. Жыл сайын  студенттер бөлмелеріне   төсек алды тумба, аралас шкафтар, үстелдер, кереуеттер, орындықтар сатып алынады.Жатақхананың демалыс және өзіндік дайындық  бөлмелері  эстетикалық безендірілген. Онда   теледидар және музыкалық орталықтар орналастырылған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында студенттерге ҚТ бойынша нұсқаулық жүргізіледі.  Барлық қабаттарда  өртке қарсы өрт сөндіргіштер, стендтер, көшіру жоспары бар.

Жатақханада тұратын студенттерге қызмет көрсету деңгейі, барлық талаптарға сай келеді. Оқытушылар мен тәрбиешілер жеке кеңестер беріп кездесулер ұйымдастырады.

Колледж әкімшілігі, жатақхана қызметкерлері  ішкі тәртіп ережесін және режимін сақтауда үлкен жұмыс жүргізуде.

Туралы Ережеге сәйкес Жатақхана ережесіне сәйкес  бірінші кезекте,  мынадай санаттағы азаматтарға орын беріледі : жетім балаларға,  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек, аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге,  алыс ауыл-аймақтан келген студенттерге.

Жатақханадағы тәрбие жұмысы колледж тұжырымдамасына негізделеді. Ол  жатақхана меңгерушісі мен тәрбиешілердің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады . Жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Ұйымдастыру жұмысы;
  2. Студенттерге әлеуметтік көмек;
  3. Жатақханадағы студенттер кеңесінің жұмысы;
  4. Аумақты көріктендіру бойынша жұмыс;
  5. Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру;

Жатақханада жастардың  ісі жөніндегі яғни бөлмені жөндеу санитарлық жағдайларды қарастыру мәселелерімен айналысатын  тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасарымен,жатақхана тәрбиешілері, меңгерушілерімен  студенттік кеңесі бірлесіп өзін-өзі басқару  органы жұмыс істейді.

Жатақхананың студенттік кеңесінің шешімі, әкімшілігімен келісілген және бекітілген колледж директорымен,әкімшілікпен келісілген және бекітілген.

Жатақхана жұмысы – тәрбие жұмысының ең жауапты учаскелерінің бірі болып табылады. Жатақханада тұратын студенттерді тәрбиелеуде  саналы тәртіп, ұқыптылық  маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Жұмыс оқу жылы бойы жоспар бойынша жүргізілуде, оған сәйкес мынадай іс-шаралар өткізіледі:

  • жатақханадағы студкеңесінің ай сайынғы отырысы;
  • бөлменің санитарлық жағдайын тексеру жөнінде апталық рейдтер;
  • профилактикалық әңгімелесу , денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі, психолог;
  • бұзушылықтарды анықтау бойынша күнделікті бөлмелерді аралау және туындайтын проблемаларды шешу;  СӨС орталығының мамндарымен кездесулер;
  • мерекелерге арналған видео,газет шығару;
  • байқаулар, дискотекалар, демалыс кештері, спорттық жарыстар өткізу;
  • студенттердің экологиялық акцияларға қатысуы.

Жатақханада  жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі: “Таныс болайық”, спорттық-сауықтыру іс-шара, “Студенттік марафон”, демалыс кеші “Алло, біз таланттыларды іздейміз!” аспаздық жекпе-жек “Студенттік фантазия”, студенттердің  шығармашылық көрмесі, дискотекалар, жаңа жылдық бал-маскарад, костюмдер байқауы.

Өзіне-өзі қызмет ету және өзін-өзі басқару бойынша негізгі міндеттерді іске асыруда және тәртіпті сақтауға ықпал етуде әр семестр сайын “Үлгілі қабат”, “Үздік бөлме” атты байқаулар өткізіледі.

КОНСАЛТИНГ – ЦЕНТР «КЕҢЕС ОРТАЛЫҒЫ»

  Қостанай құрылыс колледж жатақханасында 2015 жыл 11 қараша

kenes2

kenes3

kenes1

Жатақхана тұрғындары туралы ақпарат

2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 132 бұйрық бойынша  колледж жатақханасына 150 студент орналастырылды.Жетім бала санынан 6 студент,оның ішінде қамқорлықта табылатын 4 студент, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 2 студент,6 студент жатақханада тұру  төлемінен босатылған. Жатақханада  бөлім және  курс бойынша тұратын студенттер:

Бөлім атауы саны 1 курс 2курс 3 курс 4 курс
1 Құрылыс 47 29 9 1 3
2 Техникалық 23 11 8 4 0
3 Сәулет 33 19 6 4 4
4 Бух.есеп және қашықтықтан оқыту 47 9 36 2 0
Барлығы: 150 68(45,6%) 59 (39%) 11 (7,2) 7 (4,6%)