2017 жылғы 4 қазанда  Е.Өмірзақов  атындағы  облыстық филармония залында ғылыми-тәжірибелік конференция атап өтілді. Конференция  модераторы, Қостанай облысының Әкімі Мухамбетов Архимед  Бегежанович  жүргізді. Осы конференцияда баяндама дайындағандар:  Қостанай облысы әкімдігі  білім басқармасының басшысы Б.Б.Даумова., Қостанай педагогикалық институтының ректоры  Е.А.Абиль., Қостанай педагогикалық колледжінің директоры Г.У.Уразамбетова ., Әулиекөл ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің басшысы А.С.Айсина., Лисаковск қаласы бала –бақша әдіскері Е.В.Бритвина., Қарабалық ауданы әкімдігі білім беру  бөлімінің әдіскер дәрісханасының  меңгерушісі Б.Ж.Бултабаева., «Жас Ұлан» жас-өспірімдер орталығының  директоры Е.С. Цвентух. Сонымен қатар осы конференцияға қатысқандар Қостанай құрылыс колледжінің директоры А.Ж.Шамшин., қоғамдық пәндер оқытушысы Л.М.Мусина.Конференцияның аяқталу кезеңінде облыстың ең үздік педагогтері  салтанатты түрде  мараптталды. Соның ішінде колледж оқытушысы Л.М.Мусинаға облыс Әкімінің  грамотасы табыс етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Туған жер – Туған ел: білім беру жүйесін дамыту басымдығы» ғылыми тәжірибелік конференция