20 қарашада Қостанай құрылыс колледжінде «Біз салауатты өмір үшін» атты байқаудың буклеттер қорытындысы анықталды. Бұл байқау колледждің іс шаралық жоспар төңірегінде ұйымдастырылып өткізілді.

Байқаудың мақсаты  жасөспірімдер ортасындағы әлеуметтік перспективаларды қалыптастыру және бекіту, яғни  салауатты өмір салты, жеке және қоғамдық беделін насихаттау, өз денсаулығына  және қоршаған әлемге жауапты қарау, мінез-құлыққа теріс көзқарасын, әлеуметтік жарнама түрінде мәтіндерді құру арқылы адамгершілікті қалыптастыру.

Байқауға колледждің 1-2 курс студенттері қатысып, 9 топ өз жұмыстарын ұсынды. Ұсынылған материалдардың ресімделуі таңдаған тақырыптарына сәйкес келді.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесі түрде бөлінді:

 Бас жүлде  – 332 ҒҚСП-1 тобының  кураторы  Ничубай Е.В.,

1 орын – 328 Сәулет-2 тобының кураторы  Ловягина Т.В.,

2 орын – 324 ГЖПЖЖ -2 тобының  кураторы  Туркестанова Т.А.,

3 орын – 331 Д-1 тобының  кураторы  Анацкая Л.Н.

 Жеңімпаздарға  шығармашылық табыс және үлкен жетістіктер тілейміз!

Біз – салауатты өмір сүреміз!