Жастар кадрлық резерві бірегей жобалардың бірі.  «Болашақ» Қауымдастығы Дін істері мен азаматтық қоғам Министрлігінің қолдауымен «Жастар кадрлық резерві 2017» республикалық жобасы іске қосылып,  жас таланттарға үш күндік білім беру модулін өтеуге мүмкіндік беруде. Жобаның мақсаты: жастар арасынан мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа тобын қалыптастыру.

Жобаның қорытындысы бойынша   еліміздің әр аймағынан  үш адамнан  есептегенде  48 жас таланттар іріктеліп алынды.Бақыттылар қатарына  жастар ісі жөніндегі инспектор  Манасбаев Серик Шотбаевич ілікті. Резервист  ҚР Парламент  мәжілісінде  екі апталық тағылымдамадан өтті.

Колледж ұжымы  Серік Шотбаевичті  осындай маңызды іс-шараға қатысуымен  құттықтап,  болашақ маманның  жақсы  жетістіктерге жетуін тіледі.

Жастар кадрлық резерві 2017