Осы жылдың 31 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының білім  ошағында  Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен Шадринск  мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Erasmus+ofthe European Union ACADEMICA халықаралық жобасы төңірегінде ғылыми-тәжірибелік конференция атап өтілді. Конференцияның мақсаты: тәжірибемен  алмасу және  білім дамуының әр түрлі аспектілерін анықтау; ғылыми және іскерлік байланыстарды және бірлескен жобаларды әзірлеу саласындағы шетел тілінде білім беруді қолдау. Конференцияға Қазақстанның, Ресейдің, Үндістан, Ұлыбритания, Польша және Украинаның зерттеушілері, аспиранттары, докторанттары, магистранттары ат салысты. Конференция отырысында  Директордың оқу жұмысы  жөніндегі орынбасары Султанова Г.Е. «Қостанай құрылыс колледжінде көптілді оқытуды енгізу: тәжірибелер, проблемалар, перспективалар» атты баяндамасын жасады.Оқылған баяндама конференцияға қатысушылардың қызығушылығын арттырды . Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетеінің өкілі  педагогика ғылымының кандидаты, Еуропа және шығыс тілдер кафедрасының доценті  Асанова Д.Н.  көп тілді оқыту бағдарламасын  жүзеге асыру үшін әдістемелік  және ғылыми көмек  көрсету сауалы бойынша біздің оқу орнымызбен әрі қарай ынтымақтастықта болатындығына дайын екендігін атап көрсетті. Бұл жоғары оқу орнының көптілді білім беру жағдайы осы  төңіректе оны жетілдіру бойынша тәжірибесі мол оқу орындарының бірі болып саналады.

“Жаһандану әлемі: білімдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістер” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы