Қостанай қаласындағы  Кәсіптік -техникалық колледжінде  өндірістік оқыту шеберлері арасында « Жыл шебері-2017 жыл» байқауы атап өтілді.

Бұл ақтық сайысқа 26 оқу өндірістік шеберлері қатысты. Жақсы ұпай жинаған 10 қатысушымз келесі кезеңге өтті. Байқауға қатысушылар көпшілік алдында өз күштерін сынады. Байқау үш кезеңнен тұрды: визит карточкасы – оқытушының портфолиосы, практикалық кезең – ашық сабақ өткізу және талдау, әдістемелік  шебер класс – өзінің әдістемелік жүйесін көрсету.

Жарыстың нәтижесі бойынша  Раимкулов Адыльбек Сертаевич үштіктер арасында 2 орынды жеңіп алды.

Раимкулов А.С. бағалы сыйлықтармен, медальмен, және дипломмен марапатталды.

Колледж ұжымы  әріптестерін құттықтап болашақта жақсы жетістіктер тіледі!

Жыл шебері 2017