Көп тіл білу – заман талабы. Көп тілді білу – өмірлік қажеттіліктен туындаған құбылыс. Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында :  Қазақстан халқы бүкіл әлемде  үш тілді пайдаланатын жоғары білімді  ел ретінде танылуға тиіс деп айтқан болатын.Жаңа заманның талаптарына орай,интеллектуалдық қабілеті мол мамандарды даярлау – бүгінгі білім жүйесінің басты мақсаты.

Қостанай құрылыс колледжінде кейбір топтарда үш тілділік білім беру үрдісі жүзеге асырылуда.Осы мақсатты іске асыруда 24 қарашада «Көптілді білім беру: тәжірибесі,мәселелері және перспективалары» атты облыстық семинар өтті. Бұл облыстық  семинарға облыс бойынша 32 колледжден қатысушылар қатысты. Семинар қатысушыларына «Коучинг» стратегиясы бойынша «Құзіреттілікті қалыптастыруда СLIL әдісін қолдану» тақырыбында тапсырмалар беріліп, талқыланды.Сонымен қатар семинар қатысушыларын екі топқа бөліп ,КВЕСТ  бойынша  «Хеллоун» және «Он екі ай» атты тақырыбында  іс шара өткізілді.Іс шарада әр кезеңге арналған тапсырмалар орындалып, барлығы қызығушылықпен атсалысты. Бұл іс шарада үш тілді меңгеріп жүрген студенттер де қатысып,үш тілде сөйлеп ,өздерінің белсенділіктерімен ,жақсы жақтарымен көзге түсті. Аталған шарада тіл мамандары мен сәулет бөлімінің оқытушылары белсенділік көрсетті.

«Көптілді білім беру: тәжірибесі, мәселелері және перспективалары» облыстық семинары