2017 жылғы  26 -27 қазан айында ҚМУ базасында  Л.Н.Толстой атындағы кітапхананың 80 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы  өтті. Конференцияда   өлкетану-кітапхана қызметін, кітапхана қорларын қалыптастыру, заманауи тәсілдеріне  тарту мәселелері ,  облыстық кітапханаларда «Америкалық бұрыштар» ақпараттық  – ресурстық  тәжірибе қызметін, жаңа технологияларды  қолдану  талқыланды. Конференция жұмысына  ҚР   кітапхана ісіне  Екатеринбург – Ресей федерациясы , Оренбург , Челябинск  кәсіби  қызметкерлері  қатысты сонымен қатар Америка құрама штатынан да  қатысушылар болды . Осы  конференция отырысында  филология  ғылымының кандидаты , қоғамдық және мемлеттік қызметкері, «Тарлан » премиясының  лауреаты  – Әуезов Мурат Мухтарович  өз кітабының  бейне ролигін өткізді.

Қостанай құрылыс коледжінің кітапханашысы Н.Е.Багрова кітапхана жұмысының инновациялық  формалары бойынша  секция жұмыстарына қатысты. Секция жұмысында көтерілген мәселелер: қоғамдық сананы іске асыру және жаңғыртуда  бүгінгі кітапхананың рөлі , кітапханада қандай жобалар іске асырылыуы тиіс.

Л.Н.Толстой атындағы кітапхананың 80 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция