0_90db0_61fa50ab_xl

Құрылыс колледжінің қабырғасында  діни тәрбиелеудің бар екенін түсіну, қазіргі жағдайда  өте маңызды, өйткені  экстремизм мен терроризм идеологиясының әлеуметтік осалдығын, азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырады, дінаралық  және этносаралық төзімділікке ықпал ете отырып, болашақта Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикасын дамыту.Қоғамның тұрақтылық жағдайында ғана экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға болады.

Осы қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында “Экстремизм мен терроризмге қарсы Қазақстан Республикасының  2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша ” Қостанай құрылыс колледжінде қоғамдық пәндер  оқытушысы  Л.М.Мусинаның басшылығымен ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды.  Ол жастар арасында бағытталған экстремистік көріністердің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу , сондай-ақ дінаралық және этносаралық толерантты  қалыптастырумен айналысады.

Мусина Л.М.- преподаватель общественных дисицплин
Мусина Л.М.- қоғамдық пәндер оқытушысы

Жүргізілген  жұмыс  әр түрлі нысандар қызметін қамтиды және  жаңадан келген студенттер контингентінің 100 пайызын қамтуды көздейді.Бірінші кезекте, бірінші және екінші курстардағы білім алушылар іс-шаралармен қамтылады.Әр түрлі діни ұйымдар мен миссиялау қызметіндегі тұлғаларды анықтау мақсатында, білім алушы бірінші курс студенттері арасында сауалнама жүргізіледі. Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге, тәжірибеленуші психологтар ассоциациясына, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының лекторларына, қаланың жоғары оқу орындарының оқытушыларына, Қостанай облысы ТЖМ қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-эксперт кеңесінің мүшелеріне   көмек көрсету бойынша  Қостанай облысы әкімдігінің дін істері бойынша жауапты қызметкерлері мен мамандары,қаланың діни қайраткерлері ұйымдастырылған іс-шараларға тартылады. Осы жұмыс төңірегінде колледжде электрондық стендқа арналған ақпараттық-презентациялық  бюллетеньдер құрылған,кураторлық сағаттар, діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға қатысты мәселелелрді күн тәртібіне енгізе отырып, бөлімдер бойынша ата-аналар жиналысы, жеке әңгімелесу, жастар ортасында бағытталған экстремистік көріністердің алдын алу, дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, ауызша журналдар, семинар – тренингтер, байқаулар шығарма форматты шағын эссе “Менің діни экстремизмге көзқарасым” және т. б. көрсетілімдер, тақырыптық бейнероликтер, деректі фильмдер, өткізіледі. Тәжірибелік жұмыспен қатар елімізде орнаған  конфессияаралық және этносаралық келісімге соымен қатар біздің республикамыз бүкіл әлем үшін үлгі екенін түсіндіруге басты назар аударылады. Бұл бағытта колледждің ақпараттық-түсіндіру тобымен, түрлі нысандарда ұйымдастырылған іс-шаралар (семинарлар, дөңгелек үстелдер, бейнежурналдар, презентациялық дәрістер және т. б.) өткізіледі келесі тақырыптар бойынша: “Казахстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы”, “Этносаралық келісім-қазақстандық толеранттылықтың негізі”, “Заңдар туралы”, “Діни қызметтер мен діни бірлестіктер туралы ҚР заңдылықтары”, “Конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделі”, “Біз тұратын ел”, “Мәдениет диалогы”,”Зайырлы қоғам: салт-дәстүр және дін ара қатынасы”, “Қазақстанның дін саясаты”, “дінаралық үнқату бейбітшілік және мейірімділік”, “Дін және конфессияаралық қатынастар”. Аталған іс-шараларды өткізу және ұйымдастырудың ең белсенді қатысушылары колледж оқушылары мен ИРГ мүшелері.