0402013 Дизайнер (бейін бойынша)

Дизайнер –  қоршаған әлемнің жасаушысы. Ол  қазіргі адамның барлық  өмірін құшағына алуға тырысып, оны заттың сыртқы келбеті ғана емес сонымен қатар ішкі мәні және өзара байланысы қызықтырады.

Бүгінгі күнде дизайн сұранысына  қызығушылық танытатын объектілері өте жоғары.

Дизайн- мәдениеттің қалыптасуына жаңа қоғам мен болашаққа зор ықпалын тигізеді.

Қостанай құрылыс колледжінің  оқу прцесінде дизайн мамандығы бойынша,оқушылар түстермен композиция, бұйымды модельдеу , жалпы заңдылықтарымен,танысады,  сонымен қатар рәсімдеуді қабылдау көмегімен,жарнамалар жұмысын әсерлі,витриналар,фасадттар ,жарнамалық мәтіндерді рәсімдеуде қаріптерді орындауға үйренеді.Интерьердің композициялық ерекшеліктерін, түстердің адамға ықпалын танып біледі.

Дизайнердің жұмысы- ол шығармашылық,барлық жобалық –рәсімдеу   кешенінің жұмысын орындайды, бөлмені жоспарлаудан бастап, бөлме беттерін әрлеуге дейін,жиһаздарды, шамдарды,ұсақ элементтерді, іріктеуге, казіргі дизайн интерьерінде пәтерлерді, үйлерді , коттедждерді құру стилі мен бағытына үйретеді.

Дизайнер біліктілігі бойынша мамандар оқуды аяқтаған соң келесі кәсіби қызметі түрлерін орындай алады.

-Эскиздік дизайн – жобаларын орындау;

Графикалық элементтердің түпнұсқасын,макеттерді орындау;

Дизайн – жобасының табиғи болмысын іске асыруды қадағалау;

-эскиздерді әзірлеу ( теру, кешендер)

– түрлі материалдардың бейнесін тауып ( пластилин, гипс,қағаз, мата, жүн, ағаш, пластмасс т.б.), көркем рәсімдеу.