Дебат (ағыл. debate, debating) – қандай да бір жиналыста, мәжілісте үшінші жақты (көрермен, қазы т.б.) сенідру мақсатында пікірталасу; жарыссөз, айтыс.

Дебат пікірталасты жүргізу формасы ретінде, аксиома көзқарасы бойынша заттардың дәйектілігін тек қана тексеретін қарапайым логикалық дәлелдемеден өзгешеленеді және де болған немесе болмаған оқиғаны ғана қозғайтын фактілер пікірталастанда айырмашылығы тбар. Логикалық дәйектілік, нақтылық. сонымен қатар әлеуметке эмоцияналдық аппеляция сенім білдірудің маңызды элементтері болғанына қарамастан, дебатта көп жағдайда сапалы мазмұны мен проблеманы қарастырудағы құрылымын ұсынуға байланысты бір жақ екінші жаққа қарағанда басым түседі.

Колледж базасы негізінде дебат клубы жүргізіледі. Жетекшісі: Манасбаев Серик Шотбаевич

Клубта 1-3 курс арасында 15 студент айналысады, сонымен қатар студенттік жатақханада отырыстар жүргізіледі.

МАҚСАТЫ: «Дебат» педагогикалық технологиясы бойынша белсенді жастар позициясын қалыптастыруда педагогикалық жағдайды жасау және анықтау

МІНДЕТІ: 

  • Студенттерде ораторлық  өнерді дамыту;
  • Дебат қозғалысын дамыту және жандандыру;
  • Адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, басқа адамдардың пікірін құрметтеу және толерантты болу;
  • Студенттердің бастамалары мен идеяларын кешенді қолдау;
  • Студенттер мен басқа арасындағы жастар қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынасты дамыту.

Leave a Reply

Your email address will not be published.