Қостанай құрылыс колледжінің  кітапханасы 1956 жылы құрылды. Оқу орны құрылғаннан бастап кітапхана қоры қалыптаса бастады және колледж студенттерін, педагогтерін және қызметкерлерін ақпараттық-библиографиялық әдебиетпен, бар ресурстармен қамтамасыз  етеді, оқу үрдісін және қолданушылардың ақпараттық мәдениетін жетілдіруге көмектеседі. Колледж кітапханасының қызметі   жоспарлы түрде  оқу және қосымша әдебиеттерді жинақтау, сондай-ақ барлық  тұрақты оқырмандарға  қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. Кітапхана үрдістерін автоматтандыру үшін “Кітапхана ісі” бағдарламасы рнатылған.Кітапхананың барлық қоры  бағдарламаға енгізіледі, соның көмегімен электронды каталог құрылады,  кітаппен қамтамасыз ету картотекасы жүргізіледі. Бағдарлама ақпаратты жылдам іздеп табуға  мүмкіндік береді. Нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеу үшін  кітапханада “Заң” анықтамалық-іздеу жүйесі орнатылған.

Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасындағы кітап қоры 81222 дананы құрайды, 85 атаулы мерзімді басылымдар қазақ және орыс тілдерінде.Кітапхана ауқымы – 147,59 ш.м. Кітапхана құрылымында-дәстүрлі абонемент, оқу залы 32 орынға жабдықталған, компьютерлік техникалармен, интернет-ресурстармен жарақтандырылған.

Кітапхананың барлық қызметі   оқу –тәрбие процесіне көмек көрсетуге бағытталған.

dsc_1125