ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылыстың дамуы жөнінде басымдылықтар сөз етілді. Осыған байланысты еңбек нарығында “Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану” және “Сәулетші” мамандықтары жоғары сұранысқа ие болып табылады.

Техник-жобалаушы сәулет тарихы, сәулеттік жобалау, сәулеттік бөлшектер, құрылыс өнідірісін ұйымдастыру және технологиясы бойынша толықтай білім алады. Жобалау барысында техник-жобалаушы сыртқы келбет, көлемді-кеңістік формасымен жұмыс жасайды, сонымен қатар функционалдық ыңғайлылық,  құрылым беріктігі, экономикалық пайдалылық мәселелерін шешеді.

Техник-жобалаушы білу қажет:

  • сәулеттік-дизайндық жобалардың үлгілерін орындау үшін сурет салу еркіндігін меңгеруі
  • геодезиялық құрал-саймандарды дұрыс қолдануды және өз бетімен топографиялық-геодезялық жұмыстарды орындауды
  • қалалық ортаны қалыптастырудағы сәулеттік-көркемөнер және бейнелеу өнері мәселелері бойынша хабардар болу
  • құрылымдарды қалпына келтіру мақсатында және әр түрлі құрылымдар кескіндерін өлшеу жұмыстарын жүргізу
  • сызбаларды еркін жасау және оқу
  • басты сәулетші(дизайнер) үлгілері негізінде жұмыс сызба түйіндерін, бөлшектерді, жоспарларды, қасбеттерді, қималарды, кіші сәулет формаларды жасау
  • ланшафтық сәулет және көркейту элементтерін құру мен көркемөнерлік жобалауда шығармашылық әдісті еркін қолдану
  • жарнама жасауда әр түрлі тәсілдер мен амалдарды қолдану

Колледжде жобалауда және өнеркәсіпте тәжірибесі бар мамандар жұмыс жасайды. Қазіргі таңда түлекке тек қана сапалы білім алып қана қоймай, оны тәжірибе барысында қолдануда көмектесетін жоғары кәсіби компетенциялы мамандарды дайындауға аса зор көңіл бөлінеді. Колледжде жобалау және дизайн мүмкіндіктерін кең қолдануға мүмкіндік беретін жаңа компьютерлік бағдарламаларды үйрену үшін база бар.

Білім мен ептілік шоғырының кеңдгі студенттерге ешбір қиындықсыз жұмысқа орналасуға және тәжірибе өтуге мүмкіндік береді.